«Сахнадан сәлем!». Астанада осындай атаумен халықаралық театр фестивалі басталды. Биыл 5-ші мәрте шымылдығын түрген дәстүрлі мәдени шараға Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен еліміздің бірнеше өңірінен оннан аса белді өнер ұжымдары қатысуда. Фестиваль КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналып отыр. «Сахнадан сәлем» алаңында алғашқы болып елорданың «Жастар» театры өнер көрсетті. Олар көрермендер назарына «Асауға тұсау» комедиялық туындысын ұсынды.

 

ЕРКІН ЖУАСБЕК, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл фестивальдің басқа фестивальдерден ерекшелігі бұл жерде бәйге жеңімпаз деген болмайды. Негізгі мақсат – театр өнеріндегі оның даму бағытындағы  жаңалықтардың бетін ашу. Көкейкесті мәселелерді ортаға салып, оның шешу жолдарын қарастыру.  

«Сахнадан сәлем» халықаралық театр фестивалі елордада 2010-шы жылдан бері  қала күнін мерекелеу шеңберінде өткізіледі. Ал биыл ол ЕХРО көрмесімен де тұспа-тұс келіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер