Астанада ЕХРО көрмесіне орай ашық аспан астында қолөнершілер базары ашылды. Есілдің жағасында орналасқан сауда алаңы ерекше нақышта безендірілген. Орындар тегін беріледі. Бір ғана талап бар - сатылатын тауар шебердің қолынан шығуы тиіс. Тоғжан Мырзағұлова – Атыраудың тумасы. Ұлттық нақыштағы киімдер де сол жақтан әкелінген. Жаңадан шыққан бренд еліміздің батыс өңірлерінде және ресейлік тұтынушыларға жақсы таныс. Енді оны Астананаға, әсіресе, алыс-жақын шет елдерден келетін саяхатшыларға таныту мақсатында осында келіпті.

 

ТОҒЖАН МЫРЗАҒҰЛОВА, ДИЗАЙНЕРДІҢ ӨКІЛІ:

 - Сол заттарын танып, дизаинерді білгенін қалаймыз. Өзі сондай тамаша адам. Кейімдері де өзі сияқты жарқын.  Кейбір адамдар 4-5 жыл бұрын алған адамдар,  сапасы ұнағасын басқа түрін, басқа түсін қалап келеді.

 

Ұлттық нақыштағы алаңқайда сауда қызу жүріп жатыр. Өйткені қолмен жасалған бірегей әрі сапалы өнімдерге қай кезде де сұраныс жоғары.

 

БЛИЦ-ОПРОС:

 - Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан келіп тұрмыз. Есімім Бек. Қызым. Сол өте тамаша, әдемі, жаңа Есілде кемеде болдық. Мында да өте әдемі сәндеп қойған. ЭКСПО қарсаңындағы дайындық өте тамаша деп ойлаймын.

 - Келіп жатқан қонақтарға мынау енді ғажап көрініс. Өте әдемі. Салт-дәстүріміз. Былай қарағанда киіз үйдің көрінісі ғой.

Расымен де, ұлттық нақыштағы сауда алаңы заманауи үлгідегі паркпен керемет үйлесім тапқан. Бір жағынан Астананың ажарын одан сайын аша түседі. Екінші жағынан ЕХРОО-ға шеттен келетін қонақтарға ұлттық дәстүріміз бен құндылықтарымызды насихаттауға керемет мүмкіндік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер