Цинь әулеті императорының әйгілі «Терракот әскерінің» төрт мүсіні Қазақстанның Ұлттық музейіне қойылды. Осылайша, елорда тұрғындары мен қонақтары бірегей тарихи ескерткіштің бір бөлігімен танысуға мүмкіндік алды. «Терракот әскері» жерленген жердегі қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлердің біразы да Астанаға жеткізіліпті. Қару-жарақ, тұрмыс заттары, алтын және күміс бұйымдар, барлығы 80-нен аса жәдігер Ұлттық музей төрінен орын алды.

 

ҚУАНЫШБЕК МҰҚАНҒАЛИЕВ, ҚР МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ  БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

 - Көрменің ерекешелігі сегіз мыңнан аса жәдігер Қытайда табылып сақталған.Цин Шинхуанди императорының мүсіндері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген. Сонымен қатар, бұл әлемдік  теңдесі жоқ көрме болып табылғандықтан біздің Елордамызға келген саяхатшыларды қызықтырады деген үлкен сеніміміз бар.

 «Терракот әскері» біздің заманымыздың екі жүзінші жылдары Қытай императорының бұйрығымен жасалған. Билеуші бұл жауынгерлер оны о дүниеде қорғауға тиіс деп есептеген. Шеберлер 8 мыңнан аса сарбаздың, олардың арғымақтарымен, қару-жарақтарымен бірге жасаған. Жауынгерлер мүсіндерінің әрбірі – қайталанбас өнер туындысы. Себебі, әрқайсысының бет келбеттері өзгеше.

 

ШАНЬ СИ ШУНЬ  КӨРМЕ КУРАТОРЫ /ҚЫТАЙ/:

– Қытай халқы үшін бұл өткен мен келешектің арасындағы көпір іспеттес. Жастарымыз, осылайша Қытайдың ерте тарихымен танысады. Таңқалдырарлық тарихи жәдігерлерді Қазақстан халқына да таныстырғанымызға қуаныштымыз.

«Терракот жауынгерлерінің» көрмесі Астанада ЕХРО көрмесі өтетін үш ай бойы жалғасады. Бұған қоса, Қазақстан мен Қытай арасында Аспан асты елінде қазақстандық тарихи ескерткіштердің үлкен көрмесін өткізу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Белгілісі, Қытай жұртына аты аңызға айналған «Алтын адам» көрсетілмек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер