Елордада Қазақстанның үздік дизайнерлері өздерінің круиздық топтамаларын таныстырды. Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығы биыл ЕХРО көрмесімен тұспа-тұс келіп отыр. Ауқымды шараға Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің дамуына қызығушылық танытатын шетелден көптеген қонақтар келген. Сондай-ақ, Франция, Италия, Ресей, Украина елдерінің брендтері де өз өнімдерін ұсынды.

 

АЙМАН АЛЬЗО MBFW ASTANA НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Сән апталығының ауқымы жыл сайын кейіп келеді. Биыл оны ЕХРО шеңберінде өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Көрмеге шетелдік қонақтар көп келгендіктен, оларға Қазақстандағы сән үлгілерін таныстыруға мүмкіндік туып отыр. 

 

РУСЛАН ПАНАМА MBFW ASTANA АРТ-ДИРЕКТОРЫ:

 - Биыл біз жергілікті дизайнерлі ғана емес, басқа елдердің брендтерін де шақыруды жөн көрдік. Бұл отандық шеберлерге басқалардың жұмыстарымен танысып, олармен тәжірибе алмасып, жаңа идеяларға шабыттандыру үшін жасалып отыр.

 

Mercedes-Benz Fashion Week елімізде бір жылда екі рет өтеді. Сән көрсетілімдерінен өзге, апталық барысында шеберлік сағаттары, фотосессиялар, дизайнерлер мен байерлер үшін бизнес кездесулер ұйымдастырылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер