ЕХРО көрмесінің қонақтары Нью-Йорк музейіндегі Николай Рерихтің теңдесі жоқ туындыларын тамашалай алады. Атақты суретшінің 37 картинасы Қазақстанның ұлттық музейінде жұртшылық назарына ұсынылады. Олардың арасында  өзіндік бояу түрімен, көркемдік, танымдық құндылығымен ерекшелентін еңбектері аз емес.

 

ГВИДО ТРЕПША, НЬЮ-ЙОРКТЕГІ Н.РЕРИХ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Николай Рерихтің  картиналарын Қазақстанға жібере отырып, біз әсемдік әлемінің бір бөлшегін тарту етеміз. Суретіші өз туындылары арқылы жердегі, ғаламшардағы үйлесімділік, халықтар достығы,  болашақ жайлы ой-толғамын жеткізуге тырысқан.

 

Николай Рерихтің  шығармаларында шығыс пейзаждары, оның ішінде орталық Азия өңірінің сюжеттері де ерекше орын алған. Бұл көрменің Қазақстанда өткізілуі еліміздің мәдениет және спорт министрлігі мен Нью-Йорктегі Рерих музейі, Орыс-Америка қоры және TondoArt компаниясының өзара келісімінің арқасында жүзеге асып отыр.

 

СОНЯ БЕККЕРМАН, TONDOART КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 - Біздің апара жатқанымыз, – Н.Рерихтің үздік коллекцияларының бірі. Нью-Йорк музейіндегі құнды дүниелер. Көрменің ашылуын бізде асыға күтеміз. Бұл Қазақстан мен Америка арасында арасындағы мәдени байланыстың тек басы деп білеміз. 

 

МАРИНА КОВАЛЕВА, ОРЫС-АМЕРИКА ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Суретшінің бірегей еңбектері қазіргі заманда да маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Шығармашылықтан тыс ол әлемдік құбылыстардың мәнін терең түсінетін философ. Оның жауһар туындылары жаһандық бейбітшілікке үндейді. Бұл Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ұстанымымен сәйкес келеді. Сондықтан бұл көрме  АҚШ пен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайта түсетіндігіне сенім зор.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер