ЕХРО көрмесінде шежірелі еліміздің өткенінен сыр шертер халық өнері туындыларына деген сұраныс жоғары болады. Елордада халықаралық шара аясында «Шебер керуен» қоленершілер жәрменкесі ашылды. Онда ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар, киім-кешек, кәдесыйдың сан түрі қанат жайып отыр. Бұл айрықша әсем дүниелер он саусағынан өнер тамған отандық шеберлердің қиялынан шығып, қолынан туған.

Бабалар мирас еткен асыл мұраны жалғаушылардың бірі – Дәурен Міншәріпов. Түркістандық шебер музыкалық және мүсін жасау бойынша алған білімін бір арнаға тоғыстырып жүр. Көздің жауын алатын мына ұлттық аспаптар – қос дарынының шебер үйлесуінің жемісі. Сырт көзге сәндік-декоративті бұйым болып көрінетін аса тартымды бұйымдар – кәсіби аспаптар.

 

ДӘУРЕН МІНШӘРІПОВ, АҒАШ ШЕБЕРІ

 - Мақсатымыз – келешек ұрпаққа ата-бабамыз қалай тапсырды сол қалпында жастарға тапсырып, үйрету. Мына тұрған қобыс ескі дәстүр бойынша жасалған. Бұл жерде ешқандай өзгеріс жоқ. Ағашты кептіріп дегендей әр түрлі қыр сырыы бар. Қобыздың бойы 70 см. Түйенің мойнақ терісін илеп пайдаланамыз. Аттың жалыны қиды пайдаланамыз.

Кәлемхан Рахметбайқызы ұлттық өрнектерді түрлендіріп, сурет пен қол кестеге түсіріп жүр. Бүгінге дейін еуропалықтар ойлап таптық деп жүрген абстракция мәнерінің негізі қазақтың бізбен кестелеу өнерінде жатыр. Шебер менгерген бейнелеудің енді бір көнеден сақталған түрлері ол жібек мата мен өңделген тері үстіне сурет салу.

 

КӘЛЕМХАН РАХМЕТБАЙҚЫЗЫ, ШЕБЕР 

 - Түс киіз, біз кесте ол баяғы сақтардың тұсынан бері келе жатқан өнер. Ол өнерді біз жастайымыздан әжелерімізден көріп өстік. Бұны заманауи жаһандану заманында жастарға қалайша қалдыруымыз керек? Сондықтан бұны жаңаша ойлап пано үйде қоятын бір сәндік өнер ретінде қазір дамытудың үстіндеміз.   

Жалпы шараға елдің әр өңірінен 100-ге тарта шебері келді. Туындылардың дені жүн, ағаш сынды табиғи заттардан жасалынған. Алтын мен күмістен соғылған әшекейлер де бар. Жәрмеңке аясында ұлттық нақыштағы киім үлгілерінің сәндік топтамалары да көпшілікке таныстырылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер