ЕХРО-2107 халықаралық көрмесі адамзат баласын жаңа техникалық дүниелермен таң қалдырып қана қоймайды. Әлемдік танымалдыққа жететін жаңа өнертабыс түрлерімен бірге қонақтарға 100-ге жуық елдің салтына тән дастархан жайылмақ. Ол үшін 10 мың шаршы метр жер әзірленіп қойды. «Ас – адамның арқауы» деген қазақ ықылым заманнан ұлттық тағамға ерекше көңіл бөлген. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал сәлем беріп, төрін берген. Бар асын алдына қойып, қонаққа тынығып кетуді ұсынған.

Бұл мейрамхананың мәзірі ғана емес, ішкі интерьері де ұлттық нақышқа қанық. Қазақтың домбырасы, торсық, текемет, жастық бәрі де үйлесім тапқан. Ал, тіл үйірер ас қазақтың байырғы дәстүрімен дайындалады. Оның барлығын ұлтымыздың салтын білетін тәжірибелі аспаз әзірлейді.

 

РАШИД БАЙБУЛАТОВ, МЕЙРАМХАНА БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Табақ тарту, ол да өнер.  Асылған етті  ағаш астауға жасап, сый табақ тартамыз.  Етті меймандардың көзінше турап, үлестіреміз.     

 

Ет пен қуырдақ және сорпадан бөлек, қымыз, шұбат, жент, құрт, бауырсақ та меймандардың дастарханына қойылмақ. Қазақтың асынан бөлек, көрмеге қатысатын мемлекеттердің ұлттық тағамынан да дәм татуға болады. Мәселен, спагетти және пиццасымен күллі әлемге танымал италиялық асхана да осы жерде.

 

АРТЕМ ГИЛ, АСПАЗ:

 - Ас  мәзіріндегі тағамдар үйдегідей тойымды, дәмді, әрі пайдалы болады. Кісі көп болады. Оған күмәніміз жоқ.

ЕХРО көрмесіне қатысып жатқан 115 елдің 15-і бөлінген павильондардан өз мейрамханаларын ашқан. Қалашық маңында жалпы саны қырықтан астам мейрамхана мен дәмхана жұмыс істейді. Бұл – әлем әлем халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татып көруге керемет мүмкіндік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер