Елордалықтар үшін Австрияның классикалық музыкасы шырқалды. Кеш  «Астана Операның» камералық залында «Қазақ квартетпен әлемге саяхат» циклі аясында өтті. Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті мен Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева Көрермендерді өз өнерлерімен қуантты. Концертте әйгілі композитор-романтик Франц Шуберт пен Венаның жаңа музыкалық мектебінің негізін қалаушы Арнольд Шёнберг туындылары орындалды. Соңғысының шығармаларын Нұржамал Үсенбаева алғаш рет шырқағандығын айтады. Әр жаңа дүние – тартымды, жаңа саздардың үйлесімімен тың әлемді ашады,-дейді әнші.

 

НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВА, ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ:

 - Менің орындайтыным - Арнольд Шенбергтің №2 фа-диез минор ішекті аспаптар квартеті 3-ші, 4-ші бөлімде сопраномен. Біз осы концертті Алматыда орындағанбыз. Керемет коллектив, әрбіреуі бір төбе. Өздері солист болса да, артық болмас.

 

ЕРНАР МЫҢТАЕВ, Ғ.ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІШЕКТІ АСПАПТАР КВАРТЕТІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Австрияны алатын болсақ, Моцарттан бастап композиторлар көп, шығармалар көп орындалады. Ал Шёнберг өте сирек орындалады. Еуропада, Америкада өте әйгілі, біздің тыңдаушылар көп біле бермейді. Сондықтан біздің тыңдаушыларды осы музыкамен таныстырғымыз келді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер