Елордалық «Современник» жастар театрының жаңа қойылымы көрерменге жол тартты. Әуесқой актерлер ошағы репертуарлық қорына Владимир Соллогубтың «Беда от нежного сердца» музыкалық комедиясын қосып отыр. Туынды 19-шы ғасырда жазылып, сол кездегі тұрмыс-тіршілік пен қоғамның өмірге деген көзқарасын баяндайды. 2 ғасырға жуық үзілмей сахналанып келетін классикалық шығарма өзектілігін бүгінде жоймаған. Өйткені спектакль құрылымы негізінен адамгершілік қасиеттер мен ұлы махаббат сезімінің сырын ашуға бағытталған.

 

БАУЫРЖАН ТОҒЫЗБАЙ, АКТЕР:

 - Біз пьесаның түп мағынасын сақтауға тырыстық. Сол кездегі өмірді шынайы түрде көрсету үшін алдымен тарихқа үңіліп, әр сахна көрінісінің айтпағын зерделедік. Бір сөзбен, спектаклді толықтай қорытып алдық. Ондағы бас кейіпкер ойын-сауыққа әуес. Оның серілік өмір салты махаббат пен шытырман оқиғаларға толы.

Елордалық театр ұжымы бәрі бірдей кәсіби маман емес. 40 жылдық тарихы бар өнер ошағы әрдайым жас дарындармен толығып тұрады. Әуесқой труппа негізгі қызметтерінен бос уақытында шығармашылыққа жол беріп, осы жерде актерлік шеберліктерін шыңдайды. Қойылым таңдауда шектеу жоқ.   Репертуарда заманауи туындылармен қатар күрделі классикалық шығармалар бар.

 

АРИНА БАЖАН, АКТРИСА:

 - Театрдың шығармашылық өміріне кез-келген адам атсалыса алады. Тек бұл өнердің қыр-сырын танимын деген ынтасы болса жеткілікті. Біз арманын орындауға септесеміз. Актер болуды көксеп келгеннің бірініңде жолын бөгеп, қолынан қаққанымыз жоқ.  

«Современник» театрының жаныннан балаларға арналған өнер мектебі жқмыс істейді. Актерлік шеберлік сабақтарына 5 жастан қабылданады. Шығармашылық топ еліміздің өзге аймақтарына гастрольдік сапармен шығып жүр. Халықаралық театр байқауларына ұдайы қатысып тұрады. Жақында труппа ресейдің жас өнерпаздар дәстүрлі фестиваліне қонақтап қайтыпты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер