Ұлттық мұраларымыз ЮНЕСКО тізіміне енгізілді. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының нысандары қатарына енді. «Қазақ күресі», «Наурыз», «Жұқа нан дайындау дәстүрлері» және «Аңшы құстармен аң аулау» сынды дәстүрлеріміз де қосылды. Астанада өткен жиында мұны растайтын  куәліктер табысталды. Биыл еліміздің ЮНЕСКО-ға мүше болуына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ұлттық комиссия мүшелері қыруар іс тындырған. Оны жалғастыру жоспарлануда.

 

ҮМІТХАН МҰҢАЛБАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен құнды кітаптар мен қолжазбалар орталығы ашылады. Ұлттық орталық ЭКСПО қарсаңында ашылады деп дайындалып жатырмыз. Оқырмандардың және де өңірлердегі кітаптарды Астанаға тартып, бір орталыққа жинақтау, сақтау, қалдыру – біздің парызымыз деп ойлаймын.

Жиын барысында киелі мекендердің географиялық картасын түзу мәселесі де талқыланды. Бұл үшін еліміздің белгілі тарихшылары, археологтар, этнографтар мен өлкетанушы ғалымдар бас қосты. Кең байтақ даламызда қасиетті жерлер, құпиясы ашылмаған, талайды тамсандырар орындар көп. Жаңа жоба солардың географиясын жасауды мақсат етеді.

 

БЕРІК ӘБДІҒАЛИЕВ, «САКРАЛДЫ ҚАЗАҚСТАН» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Жалпы бұл жоба 5 жылға, осы 17 жылдан 21 жылға дейін жоспарланған. Бүгінгі күні біз арнайы осы жиында республикалық кең ауқымды ғалымдардың экспедициясын жоспарлап отырмыз. Қазақстанның киелі жерлерін түгендеп шығу үшін оған биыл шығады ма деп жоспарлап отырмыз.  

Бұл жұмыс Елбасының Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер