Өшпес классикалық музыка, лирикалық балада, джаз, испаниялық жалынды әуендер. Елорда мемлекеттік академиялық филормониясының үрмелі аспаптар оркестрінің репертуарында осы жанрлардың бәрі бар. 16 жыл бұрын құрылған шығармашылық топ кезекті маусымын жапты. Өз ісінің хас шеберлері әдеттегідей жылды тұйықтайтын концертте репертуарлық қорының таңдамалы туындыларын орындап берді. Ұлттық классиканың үздік шығармалары әуезді бағдарламаның өзегіне айналды.

 

ЖІБЕК ӘБІЛҚАЗЫ, ОРКЕСТР МҮШЕСІ:

 - Қазақстан композиторларының туындыларын ойнаймыз. «Керей Жәнібек» деген туындыны орындадық. Және біздің бас дирижер Әкім Мұхатжановтың сүйемелдеуімен қазақ күйлерін де ойнаймыз. 

16-шы маусымын аяқтағанымен, оркестр көрерменін демалыста да өнерінен үзбейді. Алдағы жаз айларына құрылған жоспар көп. Бас шаһардағы  мерекелік шаралар бұл топтың қатысуынсыз өтпейді. Сырт елдерде ұйымдастырылатын байқауларға да шақыртулар түсіп жатыр дейді, оркестрдің бас дирижері.

 

ӘКІМ МҰХАТЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Біз қазір жыл сайын ұйымдастырылатын «Астана самалы» халықаралық үрмелі аспаптар оркестірінің шеруіне дайындалып жатырмыз. Дәстүрлі шара елорда күніне орай шілде айының 4-і мен 6-сы аралығында өтеді. Оған әлемнің бірқатар елінің  музыкалық ұжымдары қатысады. Ал тамыз айында Екатеренбург қаласында болатын үрмелі аспаптар оркестрлерінің енді бір халықаралық байқауына ат салысуды жоспарлап отырмыз.

 

Елордалық үрмелі аспап шеберлерінің өнері ЕХРО көрмесінің мәдени бағдарламаларының бірі болмақ. Онда оркестр халықаралық шара қонақтарына филмьдердің саунтректерін орындап бермек.      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер