Өнерге құрмет. Ақан сері, Жаяу Мұса, Дина Нұрпейісова, Майра Уәлиқызы. Мына көрменің қабырғасында белгілі суретші Мұхтар Байбосыновтың 5 жылдық еңбегінің нәтижесін көруге болады. 20-ға жуық қазақ сазгерінің бейнесі келушілерді еріксіз тамсандырды. Өнер сүйер қауымның арасында жастар да көп болды.

 

МҰХТАР БАЙБОСЫНОВ, СУРЕТШІ:

 - Озық жаһандану заманында өнер арқылы бір тамшы болса да, жастарға бір үлес біліміне бір үлес қосамын ба деген оймен шығып жатырмыз. Бір қызықты керемет бір образ жастарға бір ілім бола ма  деп сенемін. 

 

Жеке көрмені әзірлеу үшін Мұхтар Байбосынов көп уақыт дайындалғанын айтады. Алдымен, кітапханаларда бар әдебиетті оқып, әр тұлғаның өмірбаянымен танысып шыққан. Кейін шағын эскиздер жасап, портреттерін салуға кірісіпті. «Қолымнан шыққан туындылар қазақ өнерінің тарихында лайықты орнын тапса, жастарға өнеге бола алса» деген арманы барын да суретші жасырған жоқ.

 

МҰХТАР БАЙБОСЫНОВ, СУРЕТШІ:

 - Іздену өте қиын. Әрқайсысының ерекшеліктері бар оқиғалары бар, соны зерттедім. Оңай болған жоқ. Әрқайсысы жеке тұлға. Біреуі лирика, қайғы қасірет.

Суретші Мұхтар Байбосынов өткенімізді білмей, болашаққа қадам жасау мүмкін емес деп есептейді. Автор туындыларының өскелең ұрпаққа мәңгі мұра болып қалатынына кәміл сенеді. Себебі, көрме аяқталған соң Байбосынов бұл еңбектерін ел ішіндегі музейлерге сыйға тартпақ.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер