Көне Қаратау мен Сарыарқаны ескі сүрлеу қайта жалғайды. Тараз қаласынан Астанаға көлікпен емес бұрынғыдай түйе, жылқы және ат арбалармен жарақталған керуен аттанды. Бұл – халықаралық EXPO көрмесіне орай жамбылдықтардың арнайы тартуы. 1300 шақырымды жүріп өтетін олар осылайша ертедегі ата-бабаларымыздың дәстүрін қайта жаңғыртпақ.

 

ФАИЗА КӨНЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 - Тарихи рухани көркемделген керемет бір сұлу баяғы бұрынғы біздің өткен ғасырдағы Ұлы Жібек жолын көз алдымызға елестетіп, сондай бір әсер алдық. Біз өте бай халықпыз. Осындай біздің ұлттық рухани мәдниетімізді бүкіл жастарға үлгі етіп көрсеттік.

 

Керуенді өңірдің белгілі тарихшылары, өнерпаздары мен өлкентанушыларынан тұратын 150 адам бастап барады. Қатысушылар 25 түйе, 50-ге жуық жылқы және 6 ат арбамен жолға шықты. Олармен бірге қауіпсіздік мақсатында полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар қызметкерлері де бірге жүріп отырады.

 

САУРАН ҚАЛИЕВ, ТАРИХШЫ:

 - Қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық ғұрпы, ұмыт болып бара жатқан бүкіл дүниелеріміздің бәрін жаңғыртуымыз болады. Кеше Елбасының өзінің айтқан «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғырту» міне осы жаңғыртудың бір саласын жаңғырттық  деп есептей аламыз. Міне осыменен біз Астана қаласына және Астана қаласына келген қонақтар мен туристерге кең көлемдегі өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз насихаттайтын боламыз.

Әулиеатадан шыққан керуен көші жол-жөнекей 10 арнайы белгіленген жерлерде аялдайтын болады. Бұл орындарда EXPO көрмесін насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырып, концерттік бағдарламаларын ұсынады. Ал, Астанаға бір жарым айда жету жоспарланып отыр.

 

ДҮЙСЕН БЫҚЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Көне Тараз паркі орналастырылмақшы. Ол жерге мына Ақыртас тарихи орындарымыз. Мына Қарахан, Айша бибінің макеттері қойылады. Сонымен қатар біздің қол өнершілер, суретшілер жәдігерлері қойылып 5 күн бойы халыққа, көрермендерге қызмет етеді.

 

Елордамыз Астанада 26-30 шілде аралығында EXPO-2017 халықаралық көрмесі барысында Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Керуен де сол уақытта бас қалаға жетеді. Астана тұрғындары мен қонақтары бұл күндері Жамбылдың 500-ге жуық өнерпазының өнері мен шығармашылығын тамашалай алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер