Александр Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі 71-ші оқу жылын қорытындылады. Еңселі білім ордасы түлектерінің есептік концерті Алматыдағы Абай атындағы қазақ Мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Кеште жүзге тарта жас дарынды биші «Мәңгілік ел» шығармасын орындады.

 

МАЛИКА ЕЛШІБАЕВА, УЧИЛИЩЕНІҢ ТҮЛЕГІ:

 - Жаңа мақсаттарға жету үшін әрине көп еңбектену керек. Осы балет театрының бишісі болғым келеді.

 

БАҚЫТГҮЛ ИСПАНОВА, УЧИЛИЩЕНІҢ ТҮЛЕГІ:

 - Біз 8 жыл бойы осы күнге жетуді армандадық. Енді сол уақыттың бос кетпегенін дәлелдегім келеді, ұстаздарымның сенімін ақтасам деймін.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Людмила Ли – көптеген түлектің тәлімгері. Ол бүгін ерекше қобалжып, шәкірттерінің әр қимыл- қозғалысы үшін алаңдап жүр. «Мәңгілік ел» балетін ұлттық нақышта сахналаған жас хореограф Ануар Садықов болды. 

 

ЛЮДМИЛА ЛИ, УЧИЛИЩЕНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Заманауи  би қимылын, оның барлық элементтерін қазақ биіне икемдеу асқан шеберлікті талап етеді. Қойылған би көпшілік көңілінен шықты. Біз қазақ халық биінің иірімі мен бояуын жоғалтпай  жоғары   деңгейде орындадық деп ойлаймын.

Мамыр айында Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында тағы бір есептік концерт қойылады. Онда көрермендер Чайковский атындағы музыка училищесі шәкірттерінің өнерін тамашалай алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер