Шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, географ, ағартушы. Қазақтың аққан жұлдызы Шоқан Уәлихановтың ізденбеген саласы жоқ. Алайда ғалымның музыкаға қосқан үлесі жайлы сирек айтылады. Астанада өткен «Шоқан және музыка» кешінің ұйымдастырушылары осы олқылықтың орнын толтырмақ болған.  

 

АЙТҚАЛИ ЖАЙЫМОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Музыкалық сауатты азамат болған деген дерек бар. Шынында да, солай болуы тиіс. Айтулары, жазғандарына қарағанда, сұрыптауларына қарағанда соған саяды. Міне, осы бағытта бүгінгі кешіміз өтеді.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының бай музыкалық-поэзиялық шығармашылығы ұлттың тарихи және рухани өмірінің толық бейнесін береді деп есептеген. Ол өз жұмыстарында ақындардың суырып салма өнерінің ерекшеліктерін сипаттауға, әндерін жүйелеуге, қазақ өлеңінің ырғақтығын анықтауға тырысқан.

 

НҰРЛАН БЕКЕНОВ, АСТАНА ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ:

 - Шоқанның музыкаға қатысты тұстарын алып, сол заманда кімдермен сырлас болды, мұңдас болды. Соның ішінде Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет секілді күйлерін тыңдап, баға беріп, үлкен-үлкен мағлұматтар қалдырған.

Кеште алғаш рет Шоқанның бала кезінде естіген әуендері, кейін өзі қағазға түсірген Біржан сал әндерінен бастап Абай музыкасына дейінгі саналуандық қамтылды.  Жобаның бірегейлігі осында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер