«Астана Балет» театры көрерменін тың туындылармен қанықтыруға қамданып жатыр. Бұл жолы өнер ошағының сахнасында әлемдік балеттің алтын қорына енген екі бірдей қойылымның тұсауы кесілмек. Оның бірі – хореографиялық қиялдың шыңына айналып, жалпы би тарихын жаңа арнаға бұрған  Джордж Баланчиннің «Серенадасы». Ғасырға жуық уақыт бұрын сахналанған балет баз-баяғы қалпын сақталған. Қарапайым костюм, жеңіл декорация. Мұндағы жалғыз сюжет сол: айлы түнде біте қайнасқан әсем музыканың ырғағында бидің құдіреті шебер көрініс табады.

 

РИКАРДО АМАРАНТЕ ХОРЕОГРАФ /БРАЗИЛИЯ/:

 - Бұл әлемді мойындатқан теңдесі жоқ шығарма. «Серенада» балетімен репертуарлық қорын толықтырғысы келмейтін театр жоқ шығар. Алайда, сюжеті қарапайым болғанымен. хореографиясы аса күрделі туындының мән-мағынасын ашып автордың айтарын бұзбай алып шығуы кез-келген труппаның қолынан келе бермейді. Ол үшін асқан шеберлікпен қатар бірін-бірі жақсы сезіне алатын тәжірибелі ұжым қажет. Үш айлық әріптестік «Астана балет» талаптарға сай театрлардың бірі екеніне көз жеткізді.

«Астана Балет» театрының енді бір премьерасы – «Қайшылықтар» спектакліде бразилиялық  мамандардың еңбегі. Танымал хореограф Рубен Терранова төл туындысын өзі қойып беру үшін елордаға арнайы келіпті. Балет партитурасы түрлі түстерден, қарама-қайшы музыкалық композияциялар, жарық пен көлеңке, қиял мен шындықттың жиынтығынан құрылған.

 

РУБЕН ТЕРРАНОВА ХОРЕОГРАФ /БРАЗИЛИЯ/:

– Мені аса талғампаздықпен салынған сахнада өз туындымды көпшілікке ұсынатыным қуантпай қоймайды. Ондағы негізгі ой әр түрлі мәнердегі сәулет туындылары бой түзеген Астананың кейпіне ұқсас. Шаһардың әсемдігі қиялға бергісіз. Шындыққа айналған арман секілді. Менің шығармамда адамдардың қиялдағы өмірін бейнелейді.

Бүгінде  «Астана Балет» театрының репертуарында 10 шақыт  балет пен бірнеше концерттік  бағдарлама бар. Жыл соңына дейін  өнер ұжымы көрерменге тағы бірқатар әлемдік дәрежедегі балетмейстерлердің    қойылымдарын тарту етпек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер