70-інші Канн кинофестивалінде отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Қырықтан астам мемлекет шатыр тіккен бұл алаң отандық жаңа фильмдер және жобаларды дамыту мақсатындағы кәсіби кездесулер мен келіссөздерге жол ашады. Әрі кино шығарушы ел ретінде Қазақстанның беделін арттырып, киноиндустрияда әріптестік байланыстарды кеңейтеді.

 

РАШИД НҰҒЫМАНОВ, ҰЛТТЫҚ КИНЕМАТОГРАФИЯ ӨНЕРІ МЕН ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Әлемдік байқаулар жаңа есімнің жұлдызын жағу үшін жанталасады. Сондықтан бұл алаң біз үшін зор мүмкіндік. Қазақстандық кино түсірілім алаңында ғана қалмауы тиіс. Біз отандық фильмдерімізді барынша насихаттауға тырысамыз.

Айта кету керек, биыл аталған байқауға түрлі елден 18 фильм ұсынылып отыр. Ал Қазақстан тарапынан жас режиссерлердің  қысқа метражды  фильмдері таныстырылады.

 

АННА КАЧКО, ҚАЗАҚСТАН ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің бар мақсатымыз – қазақстандық фильмдерді әлемдік аренаға шығару. Бұл үшін біраз тер төгуге тура келеді. Дегенмен, отандық киноөндіріс жыл санап дамып, өз нәтижесін беріп келеді.

Францияның ұлттық кинематография орталығында еліміздің ұлттық павильоны ашылуына орай ресми қабылдау өтті. Оған Канн байқауына қатысушылар, Франция мәдениет министрлігінің өкілдері мәртебелі меймандар қатысты.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер