Белгілі археолог-ғалым Бекен Нұрмұханбетов идеялары жалғасын таппақ. «Рухани жаңғыру» аясында «Есік» тарихи-мәдени қорығын сақтау және зерттеу жұмыстарын жалғастыру көзделуде. Бұл туралы ғалымды еске алуға арналған ғылыми-практикалық конференцияда белгілі болды.

 

ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- «Есік қорғандарының жанында Сақтар дәуіріне жататын қаланың орны бар» деген гипотезаны Бекен ата айтатын. Сол жерді тексеріп, шын мәнінде сол қаланың орны болатын болса, ол керемет дүние. Бекен атаның осы идеясын әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.

 

ХХ ғасырдың басты жаңалықтарының бірі - «Алтын адамды» ашқан Бекен Нұрмұханбетов бар ғұмырын қазақ археологиясына арнады. Қорық-мұражай ашып, ашық аспан астындағы тарихи жәдігерлерді қорғауға алу туралы бастаманы алғаш болып көтерді. Қазба жұмыстарын жүргізудің тың әдіс-тәсілдерін енгізген де Бекен Нұрмұханбетов болатын. Ол 1935 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Археолог өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті кәсібімен айналысып, экспедициялық сапарлардан қалмаған.  

 

БҮРКІТБАЙ АЯҒАН, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ол кісінің ашқан жаңалықтары қазіргі Қазақстан тарихы, біздің отанымыз рухани жаңару жағдайында тұрған ел үшін тарихымыз терең болғанын, көне ескерткіштердің көп болғандығын дәлелдейді.

Ал әйгілі «Алтын адам» жер-жаһанды шарламақ. Қазақтың мәдени бренді әлемнің үздік мұражайлары мен көрмелерінде көпшілік назарына ұсынылады. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі өнер ордаларымен келісімшарт жасасып жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер