Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы нақты тапсырманың бірі ұлттық өнер мен мәдениет саласындағы үздіктерді әлемге таныту. Бұл бастаманы жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Елге еңбегі сіңген қайраткерлер төрт сала бойынша, яғни, әдебиет, классикалық музыка, сурет және кино туындылардың ішінен үздіктерін таңдап, шет тілдеріне аударатын болады.

 

ЕРЛАН САИРОВ, ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Келесі жылдан бастап БҰҰ алты тілінде осы қазақтың әдебиеті, өнер саласы, кино бойынша үздік туындыларды халықаралық деңгейге шығару. Енді бұл қазақ мәдениетінің брендін халықаралық дәрежеге сәйкестендірудің ең оңтайлы жолы деп білеміз.

Таңдап алынатын шығармалар ұлттық мәдениет пен еліміздің даму  кезеңін қамту керек. Нақтырк айтқанда, еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бергі шығармалар ғана сарапқа салынады. Сондықтан  жұмыс тобының мүшелері де бұл туындыларға жаңаша көзқарас, жаңа талап бойынша қарау керек дейді.

 

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ, «ЖҰЛДЫЗ» ӘДЕБИ ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Тәуелсіздік жылдарындағы ең озық шығармалырды іріктеп алып, оны басқа тілге аудару енді үлкен маңызды мәселе болса да бұл жерде талғам деген дүние бар. Сонау кеңес заманындағы социалистік реализм тұрғысынан қарағандағы талғаммен бүгінгі шығармаға қарауға болмайды ғой.

Қоғам қайраткерлерінің айтуынша, алты тілге аударылатын үздік туындылар өзінің әдеби көркемдігі мен мағынасын жоғалтпауы керек. Сондықтан, аударма ісінің өте маңызды әрі жауапты екені айтылды.

 

ЛЮБОВЬ ШАШКОВА, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Ардагер жазушыларды, өткен ғасырларда жазылған шығармаларды біз жақсы білеміз. Олардың бірқатары шет тілдеріне  аударылып та жатыр. Біз енді жас таланттардың еңбегін көрсетуіміз керек. Тәуелсіздік жылдарындағы еңбектерді дәріптеуіміз қажет.

 

Жұмыс тобы мен сарапшылар іріктеп алған үздік шығармалар осы жылдың екінші жартысында бүкіл халықтық талқылауға ұсынылады. Жұрт қай туындының Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тіліне аударылып, әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі болуына лайық ден танылуына дауыс беру арқылы үлес қоса алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер