«Бабалар ізімен» экспедициясы арнайы Міржақып Дулатұлы туған өлкеге барып, өткен шақтың естеліктерін, құнды деректерін жинады. Алаштың арысы жерленген Бидайық ауылының тұрғыны сиреп, 20 түтін қалған. Кезінде елге ұран болған от сөздер ақиық ақынның құлпытасында қашалып жазылған.

 

ГҮЛБАНУ СƏРСЕКЕЕВА ТОРҒАЙ МҰРАЖАЙЛАР КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Кешегі қиын қыстау кезінде Семейден Торғайға Аймауыттармен бірге малды əкеліп жеткізген осы елім, жұртым, Торғай жері қырылып қалмасын деп Алаштың қайраткерлеріне үн қосып халқына қызмет еткен адамның бірі.

 

Торғай атырабында аты аңызға айналған тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Амангелдідегі қызылтамда жерленген Файзолла Ишан. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, ол Міржақыптың сенімді серігі әрі сырласы болған. Оның əкесі Сатыбалды Ишан да осы Қызылтамда жатыр.

 

ƏСКЕРБЕК НҰРИДДИН АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл кісі дін уағыздаушы ишан болған. Ишан деген құранмен келетін кісілер.құрнды уағыздайды. 40 жыл Бұқарада , Ташкентте оқыған.

Торғай өңірінен кейін экспедиция мүшелері Ақтөбе облысына ат басын бұрды. Алдымен Ақтасты ауылынан 90 шақырым жердегі Əбілқайыр ханның кесенесіне барды. Қазақты жоңғар жұтуға шақ қалғанда үш жүздің басын қосып, жауын талқандаған қолбасшының кесенесі осыдан екі жыл бұрын салынған. Себебі, батыр бабаның сүйегі бертінге дейін табылмай келді.

 

БЕКАРЫСТАН МЫРЗАБАЙ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - 1998 жылы Серік Əжіғали бастаған топ осы жерлегі Əбілқайыр болуы мүмкін бірнеше мавзолейді белгіледі. Нəтижесінде 2009 жылы қазба жұмысы басталды. 178 ші нысан, осы мавзолей салынған 92 ші нысан жəне осының жанындағы сүйектер қазып алынып, антропологиялық сараптаудан өтті.

Ерлігімен ел есінде қалған батыр бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ даласында көп. «Бабалар ізімен» экспедициясы енді Қобыланды, Исатай туған өлкеге аттанды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер