Қарағандыда Шертпе күй орталығы құрылды. Онда атақты Тәттімбет нақышында күй тарту насихатталмақ. Тәттімбет Қазанғапұлы – талай додалы күй айтыстарына түсіп, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын қолданған атақты композитор. Ол аталған дәстүрлердің қазақ жерінде кең тарауына үлес қосқан.

Ал мынау Қарағандыда осыдан бір ғасыр бұрын жасалған көне домбыра. Ұлттық аспапты Мойынты ауылында тұратын Рахманали Әбеуов сақтап келген. Қазір құнды жәдігер шертпе күй орталығының жетекшісі Қайролла Сәдуақасовтың қолында. Көне аспаптың ерекшелігі сол – онымен кез-келген шертпе күй дәл мәнерінде орындалады. Сембек, Қыздарбек және Әбікен секілді Сарыарқаның атақшы домбырашылары нақ осы домбыраны шерткен деген болжам бар. Қайролла Сәдуақасов оны қалпына келтіріп, алдағы күзде өтетін Әбікен Хасенұлының 125 жылдығына арналған республикалық фестивальде күй орындамақшы.

 

ҚАЙРОЛЛА СӘДУАҚАСОВ, ШЕРТПЕ КҮЙ ОРТАЛАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Кешегі Сембек, Әбди, Қыздарбектердің қолы тиген домбыра. 1900-ші жылы жасалған домбыра ғой. Осы домбыраны Алла қаласа реттеп, жөндеп, сахнаға алып шығамын ба деп отырмын. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы шықты. Бұл бізге өте керемет қолдау болып отыр. Осындай міне, рухани жаңғыру кешегі бабаларымыздың өшіп қалған дүниелерін қайта шығару.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер