Ел музейлерін инновацияға бейімдеу. Елордада халықаралық музейлер күніне орай сала қызметкерлерінің форумында осы мәселе қаралды. Тарихи жәдігерлерді іздеп табу, зерттеу бар да, оны сақтау және халыққа танытудың жөні бір бөлек. Бұл қызметті атқарумен айналысатын мекеменің бірі – музей. Ал ол тарихи жәдігерлер қоймасы сияқты тұрмауы қажет. Экспонаттар өңделіп, көз тартарлық болуы үшін музейде жаңғыртылып отырғаны дұрыс.

 

РЫСКҮЛ БЕКТАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ:

 - Қарапайым технологиямен ағаш қақсып кетеді десек құрғақтықтан. Оның жанына ыдыспен ылғал қойып қойады мысалы. Әртүрлі технология қолданбаған күнде де, күнделікті өздерінің іс-шараларында барлығын қолданып жүр. Неге? Себебі ана жәдігердің пайдалану уақытын, өмір сүруін ұзарту керек.

Бұл істе бүгінгі заманның озық технологиялары көмекке келеді. Жәдігерлер материалына қарай белгілі бір температурада, ылғалдылықта сақталады. Осылайша, экспонаттардың өмірі ұзартылады. Ал қолдағы жәдігерлердің барлығын бірдей сөрелерге шығару қиындығы тағы бар. Осы ретте мұражайда қамтылмаған экспонаттарды экраннан көруге мүмкіндік жасауға болады. Бұл тың тәсілді Астанадағы ұлттық мұражай кеңінен қолданып отыр. 

 

ГАЛИЯ ФАЙЗУЛЛИНА, «ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Адамдар қазір музейге ақпарат алу үшін келмейді. Мұның бәрі ғаламторда қолжетімді. Оларға керегі затты көзімен көріп, ерекше әсерге бөлену. Сол эмоцияны күшейту үшін аймақтағы мұражайларғада технологиялық мүмкіндікті пайдалану аса қажет.

Айта кетейік, қазір еліміз бойынша 238 мұражай бар. Олардың қорында шамамен 4 млн астам жәдігер сақтаулы. Музей – тарих пен мәдениеттің, өнер мен дәстүрдің орталығы. Мұндағының барлығы келер күн және болашақ ұрпақ үшін жасалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер