Әлемге әйгілі пианист, Қазақстанның Халық артисі Жәния Әубәкірова Брюссельдің атақты «BOZAR» мәдениет орталығында жеке концертін берді. Бұл кешті ол шығармашылығының 30 жылдығына орай өткізді. Бельгия халқының алдында Жәния танымал еуропалық классиктердің туындыларын орындады.

 

ЖӘНИЯ ӘУБӘКІРОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ:

 - Бірнеше күн бұрын Женевада болған едім, қазір Брюссельде. Көп концерт қоямың, өзім және квартет пен, оркестр мен бірге. Сонда мен өзімді бақыттымын деп санаймын.

Жәния Яхияқызының өнеріне тамсанбаған адам аз. Иоганн Себастьян Бахтың әйгілі «Италиялық концерті» мен ФредерИк Шопеннің «Төрт балладасын» бельгиялықтар сүйсіне тыңдады.

 

ГҮЛІСТАН ХАМЗАЕВА, КӨРЕРМЕН:

 - Маған пианситің ұнайтын тұсы - күрделі классикалық шығармаларды бір тыныспен орындай білуі. Музыка оның өмірі, шабыт сыйлайды! Бір сөзбен айтқанда, ғажап! Брюссельге қазақстандық орындаушылар көп келе бермейді. Ал Жәния Әубәкіровадай жұлдызымызды көргенде керемет әсерде боласың. Мен оны мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін!

 

Қазақ қызының классикалық музыкасын тыңдау үшін Бельгия жұртынан бөлек, көршілес Германиядан да ат терлетіп келгендер болды.

 

ПЕТЕР АПЕЛЬ, МУЗЫКАНТ /ГЕРМАНИЯ/:

 - Ол - әлемдегі фортепиано орындаушылардың арасындағы үздіктердің бірі. Біз жұбайымызбен осы кештен қалып қоймау үшін Германиядан арнайы келдік. Жәния - өте талантты музыкант! Мен оған және оның отбасына тек сәттілік тілеймін!.

 

ЭНРИКЕ КИЖАНО, КӨРЕРМЕН /БЕЛЬГИЯ/:

 - Мен Жәнияның жоғары орындаушылық шеберлігіне таң қалдым! Еуропалық көрермендер үшін мұндай өнерді көру үлкен бақытпен тең. Мен бүгін пианистің концертіне бірінші рет катысып, еріксіз жанкүйеріне айналып шыға келдім.

 

Отандасымыздың мерейтойлы гастрольдік сапары Люксембург пен Гонконгта және Афины мен Будапеште жалғасып, Делиде аяқталады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер