Ыстамбұлда «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті. Кеш Қазақстан мен Түркияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Салтанатты шараға түріктің зиялы қауым өкілдері, қазақ диаспорасы мен Түркияның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты. Мерекелік концертте өнерсүйер қауым қазақтың домбыра, қылқобыз, сазсырнай,  сыбызғы мен жетіген сияқты ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен отандық және шетелдік композиторлардың жүрек тебірен-тер шығармаларын тыңдады. Сондай-ақ, осы кеште қазақтың ән-жыры мен бірге түріктің танымал әндері де шырқалып, бауырлас елдердің мәдени, рухани саладағы үндестігі көрініс тапты.

 

БАҒДАТ ТІЛЕГЕНОВ, «САЗГЕН САЗЫ» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Концертіміз жақсы аяқталды. Халық риза. Бүгінгі концертке біздің қандастарымыз да көп келді. Осы концертте қазақтың төл домбырасын, қылқобызын, жетіген, адырна сияқты аспаптарын барлығын тізіп, халыққа паш еттік. Қазақ халқының күйлерін, әндерін, сонымен қатар түрік халқының ең танымал әндерін бүгінгі концертке дайындап келдік.

Ал Мәскеуде тұратын қазақ диаспорасы халық аспаптары фестивалі өтті. Шығармашылық жоба аясында Қазақстан, Қырғызстан, Қалмақ елі, Татарстан, Тува мен Ираннан келген әуесқой орындаушылар бас қосты. Фестивальдің басты мақсаты – халықтар арасында мәдени байланысты нығайту мен халық аспаптарда ойнау дәстүрін дәріптеу.

 

АНАР НАСЕНОВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

 - Осындай шараларға қатысу себебім, Қазақстанның салт-дәстүрін көрсетіп, Қазақстанда осындай басқа да инструментер бар екенін көрсеткім келеді. Сонымен қатар, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың жаңа мақаласында, рухани жаңғыру туралы айтуы бойынша қазақ халқы үшін осындай салт-дәстүрлерімізді нығайту, көрсете білу біз үшін, қазақ халқы үшін, мемлекетіміз үшін өте маңызды.

 

РОМАН БОЛХОВИТИН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Расында бұл жобаның мақсаты қазақ халық аспаптарына мәскеуліктердің назарын аудару еді. Кейін бұл шара жалғасын тауып, өрісі кеңейіп, енді тек қазақстандықтар ғана емес, оған басқа да елдердің, басқа халықтардың өкілдері қатысып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер