Қазақстанның үздік аккордеоншылары мен баяншылары анықталды. Осымен екінші жыл қатарынан «Gold accordion» (Голд аккордеон) байқауы елімізде түймелі аспапты жетік меңгерген шеберлерді бір сахна төріне жиып отыр. Биыл сынға  қатысушылардан екі есе артық өтініш келіп түсіпті. Барлығы 50-ге тарта музыкант өнерін ортаға салды. Байқау әдеттегідей көпшілік алдында концерт ретінде өткізіледі.

 

НҰРЛАН ИЗМАЙЛОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Байқау эстрадалық бағыт бойынша өткізіліп тұрады. Әр қатысушы алдымен тек баян не аккордеонда аккордтық аккомпонементің қыр-сырын жақсы меңгергендігін көрсететін шығарма орындайды. Кейін эстрадалық музыканың сүйемелдеуімен тағы бір туынды ойнап беруі тиіс. Бұл сайыста мінсіз орындаушылық деңгейімен қатар, артистік қабілетті көрсету маңызды.

 

Сайыскерлер жас аралықтарына сай 4 топта бағаланды. Әрбір лектің арасынан жүйріктер анықталды. Ең кіші қатысушылардың арасында Мәжит Шәкіровтың асығы алшасынан түсіп, өнері көш бастады. 11 жасар дарынның қолына баян алып, аспаптың құлағында ойнап жүргеніне 5 жыл болыпты.

 

МӘЖИТ ШӘКІРОВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 - Мен Талғар қаласынан келдім. Музыкалық мектебімнің намысын қолдан бермегеніме өте қуаныштымын. Бұған дейін бірқатар республикалық акардионшылар додасына қатысып 4 мәрте жеңімпаз атандым. Жүлделерімнің қатарын еселеу үшін әлі талай дайындалатын боламын.

«Gold accordion» байқауы гала-концертке ұласты. Бағдарлама  топ жарған өнерпаздардың үздік музыкалық нөмірлерінен құралған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер