Қазақ халқының тектілігі, ұлттық болмыс, шежірелі тарих пен ұлы даланың кеңдігі мен әсемдігін бояумен ашып жеткізу. Ұлттық нақышта бейнеленген құндылықтар суретші Серікжан Ысқақбекұлының әр еңбегінде көрініс тауып, шығармашылығының негізгі арқауына айналған. Елордада қылқалам шеберінің өткен мен бүгіннің  байланыс көпірі іспетті туындылары қойылған  жеке көрмесі ашылды.

 

СЕРІКЖАН ЫСҚАҚБЕКҰЛЫ, СУРЕТШІ:

 - Көрменің аты «Тәңіртаудан басталған құбылыс» деп атадады. Өйткені мен Тәңіртаудың етегінде туып өстім. Менің осы шығармашылығыммен айналысқаныма 20 жыл толуына байланысты 20 жылдық шығармашылығымды халқыма есеп беру мақсатында осы көрмені ашып отырмын. Келешекте басқа да мемлекеттерге өзімнің картиналарым арқылы қазақтың байтақ даласын, қазақтың мықты адамдарының портреттерін, қазақтың тұрмыс салтын насихаттап таныстырсам деген арманым бар.

 

Серікжан Ысқақбекұлы жастайынан қолы қылт етсе, сурет салуға әуес болыпты. Кіндік қаны Қытай елінде тамғанымен, туған хылқының тұрмыстық салты мен тарихи  отанына деген сүйіспеншілік жанына рух беріп, шабытын оята түскен. Бұл қандасымыздың ата-баба топырағын басқалы ұйымдастырылып отырған алғашқы көрмесі. Мұнда негізінен пейзаждар, жанрлық этюдтар және кескіндемелік 60 жұмысы ұсынылып отыр.

 

АРМАТ БЕКТАС, СУРЕТШІ:

 - Жұмыстарында бұрынғы субреалистік көзқарас емес, таза қазақи көзқарас, ата-бабалардан сақталып қалған бір тектілік, құдірет бояулары ашық кішкене бір шығыстық көзқарас бар.

 

ӘДІЛҒАЛИ БАЯНДИН, СУРЕТШІ:

 - Реалистік орындау стилінде өзінің бір күрделі алдына қойған мақсаттары болады. Сол мақсатқа Серікжан осы пейзаждары арқылы шеше білген деп ойлйамын. Қарапайым ғана табиғаттың көріністерінен әсем бір дүние жасай білетін суретші. Портреттік жұмыстарына келетін болсақ, Серікжанның керемет жұмыстары бар.

 

Қытай көркемөнер институтында білім алған Серікжан Ысқақбекұлы елімізде қазақ ұлттық өнер университетінде кескіндеме мамандығын тәмамдап өнертану ғылымдарының магистрі атанды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер