Отандық эстрада жаңа дарындармен толықпақ. 12-ші мамырда жас орындаушылардың республикалық «Жас қанат» байқауы басталады. 14 үміткер өздерінің қандай кезекте өнер көрсететіндіктерін  анықтап үлгерді. Бұл үшін оларға реттік нөмірі белгіленген саптыаяқтарды таңдау ұсынылды. Байқаудың кезекті анықтау тәсілі ғана емес, форматы мен уақыты да біршама өзгерген. Алайда басты жаңалықтар құпия сақталуда.

 

МҰРАТ ИРҒАЛИЕВ, «ЖАС ҚАНАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ:

 - Бірінші кезеңнен соң 6 қатысушы байқаудан шығады. Екінші турдан  кейін тағы төртеуі. Осылайша, ақтық кезеңде тек 5 адам қалады. «Жас қанатқа» 15 жастан 30 жасқа дейінгі үміткерлер қатысуда. Бәрінің деңгейлері мықты. Сахнада өздерінің дарындарын көрсетіп, көрермендерді таң қалдырады деген сенімдемін.

 

Байқаудың өткен жылғы жеңімпазы семейлік Парасат Отанның жеңісі жерлестеріне сенімділік ұялатқан. Сол үшін болар биыл музыкалық жобаға Шығыс Қазақстан ауқымды делегация жіберіп отыр десе де болады. Өңір намысын 5 адамнан тұратын  Incoro тобы қорғамақ. Байқаудың қатысушылары қалыптасқан дәстүр бойынша көшет отырғызу рәсіміне қатысты.

 

«INCORO» ТОБЫ:

 - Біз қоршаған ортаға пайдамызды тигізіп, ағаш отырғызып жатырмыз. Бұл біздің дәстүр деп айтуға болады. Маңызы өте зор. Мұнымен өзіміздің шоу-бизнесте, Қазақстанда қалыптасу үшін де жасап отырмыз деуге болады.

 

12-14 мамыр аралығында өтетін байқаудың толық нұсқасы Kazakh TV арнасынан көрсетілмек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер