Талдықорғанда Иран Ислам Республикасының мәдениет күндері өтті. Қазақстанға Каспий теңізі арқылы шекаралас елдің дәстүрі мен өнері, қолөнер шеберлерінің көрмесі Жетісу жұртына жан-жақты таныстырылды. Мұндағы мақсат – бауырлас екі ел арасындағы ортақ тарихи және мәдени мұраны халық арасында кеңінен насихаттау, рухани кеңістікте тәжірибе алмасу.  Шара барысында Алматы облысы мен Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының мәдени өкілдігі арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойылды.

 

СЕЙЕД ДЖАВАД ДЖАЛАЛИ, ИРАН МӘДЕНИ ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл біздің Талдықорған қаласына бірінші рет келуіміз. Дегенмен алдағы уақытта кино фестивальдары мен Иран өнерпаздарының концерттерін ұйымдастыратын боламыз. Сондай-ақ өзге де мәдени шараларды бірге өткізуге дайынбыз.

Әлем елдерімен мәдени ынтымақтастықтың тереңдей түсуі қазақстандықтарға адамзат тарихының аса құнды жәдігерлерімен танысуға жол ашып отыр. Мысалы, Алматыдағы Әбілхан Қастеев мұражайында алдағы күзде Виктория мен Альберт музейінің көрмесі өтеді. Онда «Джамиль Прайз» жүлдесін иеленген 11 қылқалам шеберінің 35 туындысы қойылмақ. Ислам дәстүрі арқылы берілетін қазіргі заманғы көркемөнер мен дизайн шеберлерінің халықаралық байқауы 2009-шы жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы көрмеге Ауғанстан, Мали, Пуэрто-Рико, Тайланд және басқа да елдер қатысады. «Джамиль Прайз» көрмесі таяуда Стамбулда көрсетілді, қазір Оңтүстік Кореяда. Одан кейін өнер туындылары Алматыға жеткізіліп, желтоқсан айына дейін жұрт назарына ұсынылады.

 

ЛИНДА ЛЛОЙД ДЖОНС, ВИКТОРИЯ МЕН АЛЬБЕРТ МҰРАЖАЙЫ КӨРМЕСІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазіргі таңда әлемде көптеген инновациялар бар. Сондықтан, бұл кез келген адамға өз жұмысын және бар шеберлігін көрсететін тамаша мүмкіндік.  Олар байқауларға қатысып, үздік туындылар әлем мұражайларында сақталады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер