Елорда биыл тағы әлемдік сәулет пен дизайн, өнер және ең соңғы үлгідегі технологияларды тоғыстыратын алаңға айналады. «Astana Art Fest 2017» халықаралық фестиваліне қатысушылардың есімдері белгілі болды. «Заманауи көшпенділер қуаты» атауы берілген мәдени шараға атсалысуға әлемнің жер-жерінен 170-ке тарта өтініш келіп түсіпті. Іріктеудің Нәтижесінде  9 елдің өнер қайраткерлері 50 төл жобасын ұсынатын болады. 

 

ӘЙГЕРІМ ЖҰМАҒАЛИЕВА, «KADMII QYZYL» АРТ-ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Өткен көшпенді қазақтар мен қазіргі кездегі көшпенділерді байланыстырып заманауи көшпендінің бейнесін көрсетеміз. Ол ЭКСПО менде байланысты болады. Әр түрлі материалдардан құрастырамыз. Үлкен мүсін тәріздес нысан екі жарым метр болады.

Шетелдің майталмандары да күнделікті көріп жүрген қарапайым мүсіндер мен инсталляциялар емес, осы текті абстракциялық жанрдағы дүниелер әкеледі.  Сондықтан өзгеге ұқсамайтын  жаңашыл  өнерді бағалайтындар шараның қызығына бөленері хақ. Фестивальге келушілерді өзгеде тосын сыйлар күтеді.

 

ЯНА МАЛИНОВСКАЯ , «ASTANA ART FEST» БАС КУРАТОРЫ:

 - Биылғы фестивальде әдеттегідей экологиялық таза өнер дәріптеледі. Инновациялық сәулет туындылары, өндірістік дизайнмен қатар, заманауи театр мен артистердің ерекше қойылымдары, интерактивті музыка түрлерімен танысуға болады. Поэзия кештері ұйымдастырылады. Шарада алғаш рет балалар театры өнер көрсетеді. Шетелдік және отандық мамандар шеберлік сабақтарын өткізеді.

Ашық аспан астындағы ерекше туындыларды былтырғыдай үш күн емес, жаз бойы тамашалау мүмкіндігі жасалады.  Фестиваль алдағы маусым айынан Нұржол сулы-жасыл желегінде қанат жайып, қыркүйек айына дейін жалғасады.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер