«Астана Балет» театрында әйгілі «Кармен» сахналанды. Классикалық шығарма  жас труппаның жаңаша көзқарасымен ұсынылып отыр. Сымбатты да сұрқия келбеті, асқан нәзіктігі мен тартымды тәкаппарлығымен қатар  танылған испан қызы жайындағы хиқаяның бас кейіпкерін бірден бес балерина сомдады. Әрқайсысы әйел сұлулығы мен болмысының бір қырын ашуға тырысып бақты. Мұнда  еркіндік, сұлулық пен іңкәрлік, махаббат және кербездік бар. Бір адамнның бойындағы бұл бейнелер жиынтығы жалғыздықтың трагедиясына айналып,  жалын атқан жастық қуатың сырын жырлайды.

 

РИКАРДО АМАРАНТЕ, ҚОЮШЫ-ХОРЕОГРАФ /БРАЗИЛИЯ/:

 - Балетте нағыз испаниялық інкәрлік пен тартымды тәкаппарлық мінез бейнеленеді. Бір сөзбен әйел болмысын әр қырынан толықтай ашатын шығарма. Жас та болса, тәжірибелі балериналар осының барлығын би арқылы шынайы  жеткізе білді. Бұл асқан шеберліктің белгісі деп білемін.

«Кармен» - «Астана Балет» театрының репертуарындағы ең жиі сахналанатын туынды. Өнер ұжымы бұл қойылымммен талай рет халықаралық гастрольдерге шығып, сыншылардың оң бағасын алған.  Осы орайда спектакльдің 2015 жылы аса талғампаз петерборлық көрерменннің ыстық ықыласына бөленгеннін айта кеткен жөн.

 

ӘСЕЛ АҚБАРОВА, АКТРИСА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

– Біз көп жағдайда бетперде киіп жүреміз. Өмір театр, біз осы үлкен сахнаның актерлерміз. Адамдар әр жағдайда өзін әрқилы танытады. Театр – қоғам айнасы. Сондықтан да қойылым күнделікті өмірдегі адамдардың өзгеріп тұратынын жақсы көрсете білді. 

 

ХРИСТИАН КАМИЛЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШВЕЦИЯ ЕЛШІСІ:

 - Балет көңілімнен әбден шықты. Биге құмар қыздың кербездігі түрлі мінез-құлқы шынымен өзіне баурап алады. Осындай керемет дүниелерді ұсына алатын «Астана Балет» театрының ашылуы – елдегі мәдени өмірдің елеулі оқиға. 

Жаңа ғимараттың ауқымды сахнасы ерекше декорациялар құруға  ынғайлы етіп жасалған. Қойылым әрлеушілері бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып қалғаны көрініп-ақ тұр. Спектакльде визуалды графика сынды заманауи технологиялар қолданылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер