Қазақстандық жас баяншы Олжас Нұрланов Германияда өтетін «Клингенталь-2017» халықаралық байқауына қызу дайындық үстінде. Өнерге деген сүйіспеншілік Олжастың бойына ата-баба қанымен дарыған. 17 жастағы музыканттың ата-анасы Ертіс өңірінің бетке ұстар музыканттары.

 

ОЛЖАС НҰРЛАНОВ, БАЯНШЫ:

 - Баянның жаны бар. Баянда ойнауға бәрін білу керек. Ән айту, би билеу. Сол енді өзімнің жанымды таптым ғой баяннан.

Қазір Олжас мамырда Германияда өтетін халықаралық байқауға дайындалып жатыр. Сондықтан, оны тек музыкалық колледждің қабырғасында көруге болады. «Кенгинталь-2017» байқауында жас дарын Қазақ елінің абыройын қорғайтын жалғыз өнерпаз болмақ.

Олжас әлемдік деңгейдегі байқауларға 10 жасынан бастап қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін 30-ға жуық байқауда өнер көрсетті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ол ел Президентінің шәкіртақысына ие болған.

 

ВИКТОР ДЕНИСЕНКО, МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

 - Олжас арпа ішіндегі бір бидай. Кеше ғана музыкалық мектеп табалдырығын аттаған оның аты қатарластарынан оза шапқан. Ол 17 жасында баян өнерінің шеберіне айналып үлгерді. Талантты бала.

 

Олжасиың ендігі мақсаты - баянмен кез келген жанрдағы шығарманы орындауды меңгеру. Композиторлыққа бет бұрсам деген ойы да бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер