«Астана Опера» театры өнерүсйер қауымға аты әлемге мәшһүр композитор Гектор Берлиоздың әйгілі «Ғажайып симфониясын» тарту етті. Француз сазгері бұл шығармасы үшін бағдарламалық симфонияның атасы деп аталып кеткен. Өйткені 26 жасында жазған туынды сахналық тілге орайластырылып құрылған тұңғыш музыкалық еңбек саналады. Классикалық саз иірімдері әуелеген кешке еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жетекшілік етті.     

 

АБЗАЛ МҰХИТДИНОВ, ДИРИЖЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Ол өзі гитарист, флейтист болған. Пианино, скрипкада ойнамаған. Бірақ оркестровкасын жасаған өте жоғары деңгейде. Сондықтан бір жағынан қиын, бір жағынан өте қызық. Осы симфонияның партитурасын мен кеңес уақытында ксероксқа басып алған едім. Сонда осы симфонияға дирижерлік етемін деп. Енді міне сосы күн келіді.

 

Кеш қонағы габой аспабында ойнаудың  хас шебері Джанфранко Бортолато. Италиялық музыкант Миландағы Ла Скала, Турин Корольдік театры және Рим операсының бірінші солисі.  Әлем таныған майталман «Астана Опера» оркестрінің сүйемелдеуімен Штраустың габойға арналған шығармасын орындады.

 

ДЖАНФРАНКО БОРТОЛАТО, МУЗЫКАНТ /ИТАЛИЯ/:

 - Өткен қазан айында мен дәл осы театрда болған «Жібек жолы» фестиваліне қатысқан едім. Сол сапарымда Абзал Мухитдинов симфониялық кешке шақырды. Мен бұл ұсынысты бірден қабылдадым. Осылайша, концерттік бағдарламаны бірге өткізуді шештік. Дарынды қазақ дирежерімен бір сахнада өнер көрсетуден ләззат алдым.

«Ғажайып симфония» көпшілікке «Артистің өмірінен алынған оқиға» деген атауымен танымал.  5 бөлімнен тұратын музыкалық қойылым адам қиялын шарықтатады. Шығарманың ортасындағы бал вальсі жалмауыз кемпірдің жабайы биіне айналады. Көрмендер  ара-тұра аспаптардың қалықтаған әуені араларынан шыққандай әсерге бөленді. Симфонияны 100 адамнан құралған оркестр орындап шықты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер