Бір мезетте қарапайым әрі 3D суреттер. Ресейлік суретші Алексей Андреев осындай заманауи шешім тапқан. Оның бір қарағанда кәдімгі сурет болып көрінетін жұмыстары арнайы мобильді қосымшаның көмегімен 3D-бейнеге айналады. Жоба идеясы «augmented reality» (агмЕнтед реАлити) технологиясына негізделген. Мұндай тәсіл ойындар мен жарнама салаларында жиі қолданылады. Алексей Андреев сурет салу және графика өнеріне 20 жыл бұрын қызыға бастаған. Негізінен оның жұмыстарын дәстүрлі әдіспен жасалады деп айту қиын.  Суретшінің пікірінше, цифрлық технологияларды қолдану өнерге деген дәстүрлі көзқарастан алшақтатып,  адамның жан-дүниесіне әсер етуді де күшейтеді. Елордаға суретшінің өзі келе аламағанымен, оның еңбектеріне деген қызығушылық аз болмады.   Көрме «Жаңа Астана. Мәдениет және бизнес – байланысымыздың келешегі» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

 

ТАМАРА САЛИМОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Жоба қаңтар айында басталған болатын. Біз Санкт-Петербург қаласында қазақстандық авторлардың жұмыстарын көрсеттік. Мен сол кезде Алексей Андреевтің жұмыстарын көріп, Астанада оның көрмесін ашуды жөн көрдім. Идея тың, өзіме қатты ұнады. Біздің адамдарға да жақын формат деп ойлаймын.  

 

Көрмеге автордың 12 жұмысы қойылды. Олардың бірқатары аукцион арқылы өз иесін тапты. Ал қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалмақ,-дейді ұйымдастырушылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер