Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, қазақ мәдениетін әлемге танытқан Димаш Құдайберген бүгін таңғы 06:50-де Астанаға ұшып келді. 

 

Оны күтіп алуға ата-әжесі, туыстары және өнеріне тәнті жанкүйерлері  келді. Бейжің әуежайына Димаш қазақтың көк түсті оюлы шапанын киіп келген. Қытайлық фанаттары әншіні қимай шығарып салды.

Еске сала кетсек, бүгін 18:30-да Астананың Орталық концерт залында Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді. Кіру тегін.

www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер