Балқытылған жіп тәріздес желім ағашқа төгілді. Жапон суретшісі Ясуаки Ониши осындай ерекше шешім тапқан. Суретшінің көрмесі Астанадағы «Kulanshi ArtSpace»  галереясында ашылды. Шебер қай жерге барса да, өз жұмысында жергілікті ағаштарды пайдаланатындығын айтады. Оның өз туындылары арқылы көрсетпегі – айналамыздың әсемдігі. Ясуаки Ониши күнделікті өмірде адамдар жан-жағындағы сұлулыққа мән бермейді,- дейді. Сондықтан осындай ерекше идея туындаған.

 

ЯСУАКИ ОНИШИ, СУРЕТШІ, ЖАПОНИЯ:

 - Ағаштарды теріс орнатып, инсталляцияда шынайы бұталарды қолдандым. Оны жасау кезінде мен өзіме ерекше әлемді елестеттім. Бұл - біздің өміріміз емес, шынайылық пен қиыл әлемінің ортасы деп айта аламын. Көрмеге бірқатар картиналарым да қойылды.

 

ЛЕЙЛА МАХАТ, СУРЕТШІ:

 - Ясуаки Ониши өзінің туындыларын 2 апта ішінде жасады. Ол іске кіріскеннен-ақ біз оның жұмыстарына қызыға қарадық. Дегенмен, нәтижесін тіпті елестете алмадық. Оның айуынша, бастысы – бос кеңістіктің вертикалін бұзбау. Бұл әдіс жұмыстарға эстетика береді. Суретшінің мүлдем бөлек, өз көзқарасы бар екені анық.   

 

Суретші Жапонияда туып өскен. Қазіргі таңда Израиль, Дания және Норвегия сынды елдердің галереяларымен тығыз байланыста. Айту керек, ЯсуАки ОнИшидің Астанадағы көрмесі – Орталық Азияда туындыларының алғаш рет қойылуы. Алдағы уақытта суретші қазақстандық әріптестеріміз бірлескен жобаларды жүзеге асыруым мүмкін деп отыр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер