Алматыда «Жас Өркен» атты сәнгерлердің бесінші халықаралық байқауы өтіп жатыр. Сайысқа еліміздегі дизайн мамандағын оқып жүрген жастар және Ресей мен Қырғызстан студенттері қатысуда. Биылғы жарыста 45 қатысушы өзінің бірегей сән үлгісін ұсынып отыр. Оның он бесі – көрші елдердің жас дизайнерлері. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың үздік топтамаларын алты аталым бойынша сараптап, үздігін анықтайды.

 

ЕРЛАН ДОСАНОВ, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Мен PRET-A-PORTE номинациясы бойынша. Қарапайым тілмен айтқанда күнделікті көшеде киіле беретін стильде.

 

Биыл жеңімпаз атанғандар да танымал дизайнерлермен жұмыс немесе шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау барысында сәнгерлер шеберлік сабақтарын өткізеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер