Елордада ынтымақтың жырын шерткен Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті. Әлем мәдениетінің айнасы іспеттес дәстүрлі шара еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің өнерін бір сахнада тоғыстырып келеді. Осымен 18-ші мәрте салтанат құрған байқау 20 этномәдени бірлестік өкілдерінің ұсынуымен халық мұрасының өзіндік ерекшеліктерін көпке тағы бір танытты.  

 

- Фестиваль жарысына барлығымыз бір ұлттың баласы сияқты қатысып отырмыз. Этномәдени орталықтарының істеп жатқан шараларын бір сөзбен айтып жеткізуге болмайды. Бұл біздің тіліміз, бұл біздің мәдениетіміз, бұл біздің біліміміз.

 

- Мен беларусь халқының өкілімін. Бауыр басқан қазақ елінде өз болмысымызды жоғалтқанымыз жоқ. Өзге халықтардай төл өнерімізді жаңғыртып жүрміз. Тегіміз басқа болғанымен, теңдігіміз бір, арманымыз ортақ.  

 

Бірлігі жарасқан отандастарысмыз ұлттық дәстүрлерін ұлықтау үшін 7 аталым бойынша өнер сынына түсті. Әрбірі өз тілінде ән айтып, мың бұрала биледі. Ұлттық аспаптарда ойнап, музыкалық, хореографиялық нөмірлермен қатар, әдет-ғұрықа негізделген қойылымдар ұсынды.

 

Биылғы шығармашылық байқауда  қатысушылардың қолөнер шеберлігі де сарапқа салынды.Өнер бәйгесі аясындағы мына сурет көрмесінде болашақтың энергиясы балалар көзімен бейнеленген.

 

ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Номинациялар тізіміне тағы бір номинация қосылып отыр. ЕХРО-ға арналып. «Болашақ киімі» деген номинацияда қолданбалы өнерін көрсету мақсатында әртүрлі материалдардан жасалған киім үлгілерін көрсету.

 

Этномәдени орталықтардың ең үздік қойылымдары елордада 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өтетін мерекелік шара барысында сахналанатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер