Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Италияда көрсетілді. Картина Рим және Милан қалаларында көрермендерге ұсынылды. 30 жыл бойы ұлынан күдерін үзбей, жолын тосқан ана туралы туынды италиялықтарды бей-жай қалдырмады. Көздеріне жас алды. Фильм қазақ тілінде болғанымен, ана жайындағы картинаны жүректерімен ұқты.

 

АЛТЫНАЙ НӨГЕРБЕК, АКТРИСА:

 - Әрине ана ол бүкіл әлемнің аналарының жүрегі бірдей соғады. Ана мен баланың арасындағы махаббат қандай адамды болсын бей-жай қалдыра алмайды. Сондықтан да бұл тақырып ол әлемдік тақырып деп айта аламын. 

 

Ұжымдастыру, ашаршылық, соғыс. Бұл – Қазақстан тарихынан алынған көріністер. Фильм кейіпкері осы кезеңнің бәрін басынан кешіреді. Картинаны көріп отырған шетелдік көрермендерге бұл тіптен бейтаныс оқиғалар. Сондықтан аса қызығушылықпен тамашалайды.  

 

ИКРАМ КӘРІМОВ, ПРОДЮСЕР:

 - Біз өз тарихымызбен бүкіл әлемді таныстырғымыз келеді. Бұған дейін бірнеше елде болды. Ол жақта да жылы қабылдады. Атап өтсем, Лос-Анжелесте көрсетілді. Ал Мәскеу кинофестивалінде конкурстан тыс көрсетілді. Біз осылай өз тарихымызды, өз мәдениетімізді әлемге танытып жатырмыз.

 

Көрсетілімнен соң түсіруші топқа сауал қойып жатқандар көп. Кино сыншыларының пікірінше, Венеция кинофестиваліне ұсынылуы мүмкін. Қарапайым көрермендер де пікірлерімен бөлісіп жатты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер