Дина Мертенова айналдырған бірнеше сағаттың ішінде кез келген адамды суретшіге айналдыра алады. Тіпті «Шапшаң кескіндеу» техникасы арқылы бойындағы дарындары ашылған жандар көңіл күйінің жақсарып, өмірлерінде өзгеріс пайда болғанын айтады.

 

ДИНА МЕРТЕНОВА, АРТ-ЖОБАНЫҢ АВТОРЫ:

 - Ашық та қанық, түрлі түсті бояуларды шашқан кезде туындымызға жан біте бастайды. Бұл әрине кәсіби суретшінің жұмысы емес. Алайда, оны - әсерге толы көңіл-күйіңнің көрінісі деуге болады.  

 

Шеберханаға есепшілер, үй шаруасындағы әйелдер, мұғалімдер, тіпті спортшылар да келеді.  

АРМАН ЖҰМАНИЯЗОВА, МҰҒАЛІМ:

 - Бұл менің алғашқы жұмысым емес. Сізге бұл істің қаншалықты еліктіргіш, тартымды екенін елестету қиын емес. Жақсы ұстазың болса, жан дүниеңнің қалауымен, бар мүмкіндігіңді пайдаланып, ғажап туынды  жасауға болады екен. 

 

ГҮЛНАР ХАЙРУШЕВА, БУХГАЛТЕР:

 - Алған әсерім керемет. Бәрін ұмытып, картина және өзің ғана оңаша қаласың.  Осы азғана уақыттың ішінде өзіме тың мүмкіндіктер ашқандаймын. Жаңа тәсілмен сурет салу маған ұнайды. Ол адамды сабырға шақырып, бойыңа сенім ұялатады.

Кескіндеу өнері көптеген жанның тың қырларын ашып, олардың өміріне өзгеріс әкелуде.   

 

ДИНА МЕРТЕНОВА, АРТ-ЖОБАНЫҢ АВТОРЫ:

 - Ой жүгіртіп, көз алдына елестете отырып, үйлену тойын, болашақ жарын суретке салатын  бойжеткендер  бар. Бұл - әрине орындалатын ой-арман. Ал балалалар сенгіш. Бірақ, қолына қылқалам ұстай алмайтындары да бар. Олар сурет сала бастағанда құбылып, өзіне деген сенімі арта түседі. Міне, қуаныш, бақыт, деген осы.  

 

Дина жұбайымен бірге шәкірттерінің көрмесін ұйымдастырмақ ниетте. Арт-жобаға қатысқандардың кейбірі өз бетінше сурет салып, дербес көрмесін өткізіпті. Картиналарын сатқандары да бар. Кескіндеу өнері олардың жаңа кәсібіне айналған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер