Әлемдік жұлдыздар «Тоска» операсын орындады. Мариинский театрының теноры Ахмед Агади және Македонияның танымал баритоны Марян Йованоски әйгілі композитор Джакомо Пуччинидің операсында өнер көрсету үшін «Астана Операға» келді. Олар Каварадосси және Скарпиа партияларын орындайды. Ла Скала театрының түпнұсқалық қойылымы италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен өтті. Тоска рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина.

 

ЖҰПАР ҒАБДУЛЛИНА,  «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Мен өзім драмалық сопрано болғандықтан, болмысы, характері, образы өзіме келеді деп ойлаймын. Тоска образы бойынша әнші. Сондықтан да образды ашу үшін опералық әншілер әлемдегі танымал әншілердің бәрі образды аңсайды деп ойлаймын.

 

АХМЕД АГАДИ, МАРИИНСКИЙ ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Пуччини менің сүйікті композиторым. Соның ғана туындыларын орындауға қарсы емеспін. Менің дауысым Италия музыкасына жақсы келеді, образды ашады. Пуччиниді орындау үшін зор дауыс керек. Жылдар бойы осы бағытта жұмыс істедім.

 

«Астана Опера» әрдайым халықаралық деңгейде танымал артистерді  тартуда. Өйткені әлемдік жұлдыздармен әріптестік орнату театр үшін жаңа мүмкіндіктер ашады,-дейді өнер ошағындағылар. Қазақстандық және шетелдік опера мектептерінің үндесуіне сеп болады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер