Бейбіт елдің қаһармандары! Астанада «Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» атты кітаптардың тұсауы кесілді. Қос туындығада егеменді елдің дамуына елеулі үлес қосып, мемлекет пен қоғамның барлық маңызды салаларында табысты еңбек етіп жүрген ер-азаматтар мен даңқты нәзік жандылар туралы очерктер енген.  Ұйымдастырушылар осы арқылы тәуелсіз Қазақстанның  қалыптасу  жолындағы белсенді отандастарымыз жайында құжаттық куәлік қалдыруды місе тұтыпты.   

 

ҚАРАГӨЗ ЕРСҰЛТАНОВА, ЖОБА РЕДАКТОРЫ:

 - Негізгі ойы біздің еліміздің азаматтарының жетістіктері, олардың табысы, олардың қол жеткізген биік белестері арқылы біздің еліміздің бейнесін, біздің еліміздің жалпы образын көрсету. Өйткені кез-келген мемлекеттің басты байлығы әрине азаматтары.

 

Сондай-ақ, өмірін отбасы игілігі мен білімді, ел жанды ұрпақ тәрбилеуге арнаған  аналар да ескерусіз қалмаған.

 

ӘСИЯ БАЗЫКЕН, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

 - 2 жастан бар әріптерді білді. 4 жаста буындап оқыды. 5 жастан оқуға бердім. Музыкалық мектепке 5 жастан сурет мектебіне бердім. 4 жыл бойы оқып шықты. Соның арқасында шығар қазір өмірлері қызықты өтіп жатыр.

 

Танымдық туындылар  2014 жылы бастау алған «Жаңа дәуір. Табыс Коды» жобасының аясында оқырманға жол тарты. Ұйымдастырушылар ендігі кезекте еліміздің жас дарындары жайында энциклопедия шығаруға қамданып ортырғандарын айтады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер