Ұлттық бейнелеу өнеріне сюрреализмнің иірімдерін еңгізіп, қазақтың Сальвадор Далиі атанған дарын иесі. Елордада  суретші Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған көрме ашылды. Онда қылқалам шеберінің 40-қа тарта кескіндемелері мен  картиналары қойылған.

 

ДҮЙСЕН СЫДЫҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бояу ерекшелігі өте қанық. Емін-еркін жазады. Жұмысының көбі сюрреалистік, империалистік монументалдық жұмыстарға бағытталған. Жалпы жазу колоритінде қазақтың кең даласы, қазақ даласындағы бояу ырғағы, сұлулығы, жеріміздің кең-байтақ мекенін ол әр туындысында көрсете білген.

 

АҚМӨР ТҮЛКИЕВА, БЕКСЕЙІТ ТҮЛКИЕВТІҢ ҚЫЗЫ, СУРЕТШІ:

-  Өзәнәі айтатын сөзі болатын: «Суретші деген осы өмірде көп нәрсені көруі керек. Көп жерлерге барып, түрлі ұлттарды көріп адамдармен тіл табысуы кере. Өйткені оның бәрін суретші өзіне шүберек сияқты сіңіріп алады. Соны картиналарында көрсететін.

 

Бір айта кетерлігі, Бексейіт Түлкиевтің көзі тірісінде жеке көрмесі ұйымдастырылмапты. Дей тұра шығармашылық байқау бәйгелерінде  ұдайы жүлдеге ілігетін.  Туындылары  мұражайлар мен жеке қорларда орын тепкен.  Кең құлашты әрі сезімтал тұлға бойындағы болмысы әркімді таң қалдырар құбылыс. Нәзік саусақтарынан туған бейнелеу өнерімен қатар, батыр тұлғалы Бексейіт Түлкиев шығыс-жекпежегінің хас шебері атанды. Елімізде қанат жайған республикалық таэквондо федерациясының тұңғыш президенті болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер