Петриков жазуымен орындалған туындылар Астанаға жеткізілді. Көне украин көркемсурет техникасында жазылған 50-ге жуық еңбек суретші Галина Назаренконың қолынан шыққан. Туған жерге деген махаббат, көктемгі көңіл-күй, ұлттық дәстүр. Автор осының бәрін өз жұмыстары арқылы жеткізе білген. Галина Назаренко картиналар салып қана қоймай, жазумен ғимараттарды да жаңа кейіпке бөлейді. Оның айтуынша, жұмыстардың бірі бір күнде жазылса, енді біріне бір жылға жуық уақыт жұмсалады.

 

ГАЛИНА НАЗАРЕНКО, СУРЕТШІ:

Петриков жазуында украин халқының жан-дүниесі байқалады. Бұл өнерге деген қызығушылығымды анам оятты. Кейін түрлі көркемсурет мектептерінде оқыдым. Петриков жазуының бір ерекшелігі - барлық оюлардың табиғаттан алынуында. Сурет салған кезде мысық жүнінен жасалған қылқалам қолданылады. Бірақ мысық бұдан зардап шекпейді. 

 

Қазіргі таңда Украинада Петриков жазуы жаңа даму кезеңінде. Ол ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының қатарында. Бұл жазу – халық өнері ғана емес, Украинаның ұлттық мақтанышы. Бастапқыда үй қабырғалары, ыдыс-аяқ пен музыкалық аспаптарға салына бастаған, суреттер кейін кәсіп ретінде қалыптасты.

 

ИРИНА БЛАЩУК, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УКРАИНА ЕЛШІЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 - Бұл өнер 18 –ші ғасырдың басынан бастау алады. Қазақстанда мұндай көркемсурет түрі қолданылмайды деуге болады. Галина Назаренко қазақстандық суретшілерге шеберлік сағаттарын өткізеді. Суретшінің жұмыстары Португалия, Қытай, Еуропа елдерінде көрмеге қойылды.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер