Қазақстандық дизайнерлер ROMA FASHION WEEK шарасына қатысты. Италия астанасына аттанар алдында олар тыңғылықты іріктеуден өткен болатын. Солардың бірі – Гауһар Жетпісбаева. Оның коллекциясы бойға қонымды, денеге ыңғайлы, тек қана табиғи матадан жасалған киімдерден тұрады. Дизайнер алғашқы коллекциясын «Гардероб-2017» деп атапты.

 

ГАУХАР ЖЕТПІСБАЕВА, ДИЗАЙНЕР:

 - Мен шабытты туған жерімнің тамаша табиғатынан аламын. Әрбір үлгіні ерекше қылып жасауға тырысамын. Соның арқасында осы шараға қатысуға мүмкіндік алдым деп ойлаймын.

 

Тағы бір қазақстандық шебер Екатерина Ковалевскаяның коллекциясы трикотаждан жасалған. Өте жеңіл және түстері ерекше. Шетелдік брендттерге бәсекелес болып тұр. Ал, жалпы елімізден бұл шараға 5 дизайнер қатысты. Олар 26 елден келген жүздеген әріптестерімен бірге сынға түседі, тәжірибе алмасады.

 

ЕКАТЕРИНА КОВАЛЕВСКАЯ, ДИЗАЙНЕР:

- Біздің елде креативті дизайнерлер өте көп. Оған дәлел соңғы жылдары Астана және басқа да қалаларда жиі ұйымдастырылып тұратын сән көрсетілімдері. Осының арқасында бізді әлем тани бастады.

 

РИККАРДО ГУБИАНИ, ШАРАНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:

- Сәті түсіп, жақсы менеджер немесе демеуші кездессе, табысты дизайнер болу қиын емес. Қаржысы болса, жаңа брендтың атын шығарады. Мода саласында жаңа компания құру үшін көп қаражат керек. Қазір бұл салада бәсекелестік өте жоғары. Бірақ, нағыз дарын бәрібір түбі бір жерден жарып шығады.

 

«Қазақстанда жасалған» деген туындылардың Миланда көрініс табуы отандық дизайнерлер үшін үлкен серпін. Алдағы уақытта осы шараға қатысатын жерлестеріміздің саны көбеймесе, азаймайды дейді мамандар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер