Димаш Құдайбергенов орындауындағы қытай киносы «Battle of Memories» киносының саундтрегі «Memories That Can't Take Away» әнінің видеосы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Видео Sina сайтының Weibo парақшасына жүктелді. Небәрі екі сағатта оны көрушілер саны миллионға жақындады. Тыңдармандар Димаштың әнді қытай тілінде ерекше таза әрі жоғары деңгейде орындағанына тәнті болды.

 

Бұған дейін 5 сәуір күні қытайлық QQ music қосымшасына жарияланған әннің аудио нұсқасы түсірілім жағынан алдына жан салмады. Ал алдын ала қысқа таныстырылымының Weibo парақшасындағы көрілімі 6 миллионнан асып кеткен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер