«Қазақстан» орталық концерт залының ғимаратында жаңа камералық зал ашылды. Сахна төрінде тұңғыш өнер көрсеткен ұжым - «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі. Ұсынылған бағдарлама да ерекше. Музыканттар өз тыңдармандарын Барокко заманындағы венециандық композитор Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» атты төрт концертіндегі туындыларымен қуантты. Сондай-ақ кеште  «Танго королі» Астор Пьяццоллоның туындылары шырқалды.

 

ЕРЛАН ДӘКЕНОВ, «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ»  МЕМЛЕКЕТТІК КОНЦЕРТ ҰЙЫМЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Шағын концерттерді ұйымдастыру үшін өзіміздің конференц-залды камералық залға айналдырдық. 300 орындық зал болатын бұрын 257-ге қысқарттық. Өйткені сахна көлемін үлкейттік. Акустика жағынан бәрі қарастырылды. 

 

БАҚЫТЖАН МҰСАҚОЖАЕВА, «СОЛИСТЕР АКАДЕМИЯСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ БАС ДИРИЖЕРІ

- Зал адамға лық толы болды. Билет бірден сатылып кеткен екен. Кеште Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері жұртшылыққа өз  өнерлерін паш етті. Бұл  тегіннен емес. Залды жас музыканттардың ашуы – жаңашылықтың лебі, ескі музыка мен заманауи туындылардың үйлесімділігі.

 

Жаңа залда айына кем дегенде 3 концерт ұйымдастыру жоспарлануда. ЕХРО халықаралық көрмесі кезінде де арнайы бағдарлама әзірленіп, муызка кештері жиі өткізілмек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер