Қытайдың «Singer 2017» әншілер бәсекесінің ақтық сынында Димаш Құдайберген Шаң Венжемен бірге ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қытайлық Sina weibo әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сенсек, байқаудың ақтық бәсекесіне жолдама алған 8 әнші қытай эстрадасының жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетеді.

 

«Singer» байқауының жартылай финалы Хунан телеарнасынан 8 сәуір күні көрсетіледі. Байқаудың финалын 15 сәуір күні отандық Хабар арнасынан және Хунан телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

 

Айта кетейік, Шаң Венже 2006 жылы Хунан телеарнасының «Super Girl» ән байқауында бас жүлдені жеңіп алған, сондай-ақ, 2013 жылы «I am singer» байқауының алғашқы маусымында өнер көрсеткен. 2012 жылы Париж қаласында француз әндері музыкалық кешін өткізген. Димаш Құдайберген келісімшартқа отырған BGTalent продюсерлік компаниясының негізін қалаушы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер