Астанадағы М.Горкий атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Ресей Президентінен алғыс алды. Сыйлықты өнер ошағының ұжымына Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников жеткізді. Оның айтуынша, театр ресейлік көрермендердің жүрегін жаулап алған. Оларды асыға күтеді. Тұрақты көрермендері бар.

 

МИХАИЛ БОЧАРНИКОВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ЕЛШІСІ

- Горкий атындағы театр Ресейде өзінің стилімен, қойылымдарымен танымал. Гастролдерге жиі барып тұрады.  Биыл Ресей мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 25 жыл толды. Бұл өнер ошағы да біздің елдеріміз арасындағы мәдени байланысты нығайтуға сүбелі үлесін қосуда деп ойлаймын. Сондықтан  Президент атынан алғыс хатына ие болды.

 

Астанадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры – еліміздегі тарихы тереңде жатқан өнер ошақтарының бірі. Ол 2 ғасырға жуық уақыт бойы өз көрерменін қуантып келеді. Театр сахнасында Шекспир, Горький, Пушкин, Сейфуллин  туындылары орындалды. Бүгінде театр репертуарында 30-ға жуық спектакль бар. Өнер ұжымы өз келушілерін қуантудан жалықпайды. Шетелдік режиссерлермен тығыз байланыс орнатып, әркімге таныс қойылымдарды жаңа қырын ашуға ұмтылуда.

 

ЕРКІН ҚАСЕНОВ, М.ГОРКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРЫС ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

- Біз 116-маусым жұмыс істеп жатырмыз, академиялық статус алдық. Мемлекет тарапынан қолдаулар алдық. Президенттік наградалар алдық. Бүгінгі күнде тек қана біздің театр ғана емес, жалпы бүгінгі қоғамда, өрлеу кезеңімізде біздің театрларымыз өзінің қарқынды даму кезеңінде тұр.

 

Алдағы уақытта театр ұжымы халықаралық фестивальге қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына аттанбақ. Ресейдің мәдени астанасында театр Сергей Потаповтың «Пробуждение» қойылымын сахналайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер