Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Болгарияда концерт берді. Шығармашылық ұжым бұған дейін АҚШ, Германия, Австрия және Қытай сахнасында өнер көрсетті. Ал Болгарияға алғашқы гастрольдік сапары.

 

Концерт бағдарламасы 20 туындыдан тұрады. Кеште халық әуендері, күй және әлемдік классика да шырқалды. Қазақтың ұлттық аспаптарында орындалған Штраус, Бизе, Вивельдидің туындылары көрермендерді бей-жай қалдырған жоқ. Ал домбыра мен қылқобыздың үні София тұрғындарының есінде көпке дейін сақталары анық.

 

СИМЕОН САКСКОБУРГГОТСКИ, БОЛГАРИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АУД.

- Қазақ халқының түрлі музыкасы мен аспаптары мен үшін үлкен әсер қалдырды. Әсіресе, таң қалдырғаны  - домбыра. Бұл аспапта тек екі ішек қана бар. Меніңше, концерт жоғары деңгейде өтті. Көп рахмет.

 

Концертте елге ұнаған әннің бірі - Болгар розасы. Әйгілі әнді Жеңіс Ысқақова нәшіне келтіре орындағаны сонша, көрермендер іштен тынып, аяқталғанда ұзақ қол шапалақтап, разы болды. Көрермендердің айтуынша, болгар әні оларға үшін тосын сый болды.

 

 

ЖЕҢІС ЫСҚАҚОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

- «Болгарская роза» деген ән бүкіл халық біледі екен. Сол ән біздің «Атамекен», «Менің Қазақстаным» сияқты ән екен. Содан онда сол мемлекеттің төлқұжатына айналған әнді орындау керек болғандықтан, біз осы әнді үйрендік. Бұл әнді тез үйрендім. Бүкіл залда отырған болгар халқының осы әнді шын жүрегімен, ыстық ықыласымен тыңдағанын қатты сезіндім.

 

Қазақстан мен Болгария сенімді дос әрі серіктес. Биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толды.

 

РАДИ НАЙДЕНОВ, БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ

- Мен Қазақстан халқын біздің елімізбен дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жыл толуымен құттықтаймын. Болгария мен Қазақстанның екі жақты байланысы өте жоғары деңгейде. Мен олардың одан әрі дамығанын қалаймын.

 

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің Болгариядағы гастрольдік бағдарламасына Пловдив, София және Варна қалаларындағы концерттер еніп отыр.

 

НҰРҒИСА ДАУЕШОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТРДІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Халықтын ыстық ықыласы ол Қазақстанның мәдениетіне деген үлкен жоғары баға деп білеміз. Әрқашан «Құрманғазы» оркестірінің артистері, біздің солистеріміз қазақ мәдениетін әлемде жоғарғы деңгейде көрсету үшін тыңбай атсалысып келеді. Енді болашақта қазақтың музыкасын әлемге танытамыз деп отырмыз. Сондықтан халықаралық деңгейде концертіміз болады деген сенімдемін. Соған жоспарларымыз бар.

 

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрі ЕХРО көрмесінде де концерт беруді жоспарлап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер