Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер. Бүгінде атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұраны сақтаушылар білгенін өскелең ұрпаққа үйретіп келеді. Қолөнер - қол еңбегі. Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді, дейді олар. Ақмола облысының тұрғыны Айман Жүнісова іс тігуді бала кезінен біледі. Алайда, ұлттық нақыштағы дүниелерді соңғы жылдары көптеп жасауға кіріскен. Себебі, қазақтың осы бір өнері өлмесе екен дейді.

 

АЙМАН ЖҮНІСОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

- Ою-өрнек – қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық бір өнері, қолөнері. Соны біз, ата-бабамыздан келе жатқан дүние ғой. Шешемнен маған ауды. Енді соны мына өсіп келе жатқан жасөспірімдерге үйретсем екен деймін. Енді Алла жазса, қолымнан келсе, курс сияқты бірдеңе ашып, жастарға үйретсем деймін.

 

Ал Татьяна Никулица, қазақы нақыштағы дүниелерді жақында ғана жасай бастаған. Үйренгенін енді оқушыларға меңгерткісі келеді. Бұйымдарына қызығушылық танытқан жастарға ақыл-кеңесін аямайды.

 

ТАТЬЯНА НИКУЛИЦА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

- Қазақстандық әр қыз-келіншек қазақ халқының шығармашылығын білуі тиіс. Мәселен, біз қазір табақтың астына қоятын мынадай әдемі дүниені жасап жатырмыз. 

 

МИЛАНА ЛИ, ОҚУШЫ

- Мен мынадай тұмарды өзім үйде жасап көргім келеді. 

 

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алған қолөнершілер жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың ұлттық қолөнерін пайжалану ерекше  маңызды деп санайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер